
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған э.ғ.к., аға оқытшуы Оспанова А.Т. ұйымдастыруымен кураторлық сағат өтті

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасының 3-курс студенттерімен кураторлық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге Наурыз мерекесінің тарихи-мәдени маңызын кеңінен түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу және рухани сананы жаңғырту.
Кураторлық сағат барысында студенттер Наурыз мерекесінің шығу тарихы, оның ежелгі дәстүрлермен байланысы және қазақ халқының өміріндегі ерекше орны туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар «Наурыз көже», «Бата беру» секілді ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар кеңінен талқыланды.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, мерекеге байланысты қызықты мәліметтер мен танымдық ақпараттар ұсынды. Сондай-ақ студенттер домбыра мен қобызда ойнап, мерекелік атмосфера қалыптастыруға үлес қосты.
Кураторлық сағатта ұлттық құндылықтарды сақтау мен ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар студенттер арасында өзара сыйластықты, бірлікті және достықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік мәні зор әңгімелер жүргізілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осындай тағылымы мол кездесулер жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға және рухани дамуына оң ықпал етеді.
