
Өзін-өзі тану этномәдениет арқылы: ЕҰУ-да «Тектану» тәсілі таныстырылып, пассионарлық феномені ашылды

Еуразия ұлттық университетіңде омбудсмен Нэля Шапекованың бастамасымен этномәдениет саласының сарапшысы Әлия Сағымбаева «Тектану: тұлғаның өзін-өзі тануы мен дамуына этномәдени тәсіл» тақырыбында авторлық дәріс өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты - білім көкжиегін кеңейту, ұжымдық рухты нығайту, мотивацияны арттыру және тұлғалық өзгерістерге бағытталған практикалық бағдар беру болды. Қатысушылар өмірлік қиындықтарды еңсеру, үйлесімді қарым-қатынас орнату және қоғамда өз орнын сенімді табу жолдары туралы өзекті сұрақтарға жауап алды.
Дәріс барысында автор заманауи психотехнологияларды, генеалогияны және қазақ пен түркі әлемінің дәстүрлерін біріктіретін этномәдени тәсілді таныстырды. Өмірлік сценарийлердің қалыптасу механизмдері, отбасыда, жұмыста және коммуникацияда қайталанатын қиындықтардың себептері, сондай-ақ ішкі тұрақтылықты, мотивация мен тіректі арттыруға көмектесетін құралдар жан-жақты қарастырылды. Әдісті күнделікті және кәсіби өмірде қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды.
Айта кетерлігі, кездесу Лев Николаевич Гумилев атындағы музейде өтті. Ішкі энергия мен халық рухы туралы идеяларға толы бұл кеңістіктің атмосферасы кездесуге ерекше тереңдік берді. Бұл тұлға мен қоғамның қозғаушы күші ретіндегі пассионарлық тақырыбын қозғауға мүмкіндік жасады.
Айта кетейік, пассионарлық - Лев Николаевич Гумилёв енгізген ұғым, ол адамның немесе халықтың әрекетке, жасампаздыққа және қоршаған ортаны өзгертуге жетелейтін ішкі энергиясын білдіреді.
