
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кеңес Барысгүл Ерланқызының диссертация қорғауы өтті

2026 жылдың 5 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кеңес Барысгүл Ерланқызының «8D02305 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ тілінің ақпараттық технология терминологиясы» тақырыбында диссертация қорғауы өтті. Диссертация 2020-2023 жылдар аралығында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тіл білімі» кафедрасында орындалды.
Зерттеудің мақсаты – қазақ тілінің ақпараттық технология терминжүйесіндегі ерекшеліктерді анықтау және олардың қазіргі қолданыстағы жай-күйіне лингвистикалық сараптама жасау. Сонымен қатар бекітілген терминдерді түркі тілдерімен салыстыра талдап-зерттеу.
Отандық ғылыми жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, Еуразия ұлттық университеті Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Шерубай Құрманбайұлы, шетелдік ғылыми кеңесшісі филология ғылымдарының докторы, Памуккале университеті Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінің профессоры Нергис Бирай.
Дауыс беру нәтижесі бойынша Б.Е.Кеңеске «8D023 – Тілдер және әдебиет» («8D02305 – Филология», 6D020500 – Филология», «8D02314 – Әдебиеттану», «6D021300 – Әдебиеттану» мамандықтары) кадрларды даярлау бағытының аталған бейіні бойынша PhD докторы дәрежесін беру туралы шешім қабылданды.
Кеңес Барысгүл Ерланқызы сәтті қорғауымен және PhD философия докторы дәрежесін алуымен құттықтаймыз!
