
ЕҰУ-дың 18 білім беру бағдарламасы халықаралық мамандандырылған (қайта) аккредиттеуден өтуде




















1–3 сәуір аралығында университетте 18 білім беру бағдарламаны мамандандырылған (қайта) аккредиттеу аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Сыртқы сараптау комиссиясының сапары өтуде.
Аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламалар:
6B11405/7M11405 - Әлеуметтік жұмыс;
6B03103 - Психология;
6B02201/8D02201 - Философия;
6B03214 - Қоғаммен байланыс;
6B07532/7M07532 - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша);
6B06112/7M06112 - Жасанды интеллект технологиялары;
6B02124 - Медиаөнер;
6B03206 - Спорт журналистикасы;
7M01512 - Химия;
7M01513 - Биология;
7M02207 - Дін психологиясы;
7M06120 - IT саласындағы бизнес-аналитика;
8D05305 - Ядролық физика;
8D03107 - Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент.
Комиссия төрағасы - шетелдік сарапшы Maris Klavins, Dr. Habil.chem., Латвия университеті профессоры (Рига, Латвия).
Комиссия құрамындағы отандық сарапшылар:
Бану Абдрашева, социология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика» кафедрасы, Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды);
Аязби Бейсенкулов, филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор, Медиакоммуникация кафедрасы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы);
Айбарша Божеева, өнертану бойынша PhD, профессор, AlmaU (Алматы);
Айгүл Газизова, биология ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана);
Дидар Едилхан, PhD, қауымдастырылған профессор, Smart City ҒЗО директоры, Astana IT University (Астана);
Назгүл Ердыбаева, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен);
Ольга Жаркевич, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасы, Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды);
Айсулу Исмаилова, PhD, қауымдастырылған профессор, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана);
Гульнара Каримова, PhD, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы);
Галия Кириллова, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (Алматы);
Бекжан Мейрбаев, философия ғылымдарының кандидаты, доцент, философия және саясаттану факультетінің деканы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
Галия Мовкебаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
Сергей Никольский, химия ғылымдарының докторы, профессор, Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды);
Клара Туребаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ПҒА академигі, Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті (Ақтөбе).
Жұмыс беруші-сарапшылар:
Саид Алимбаев, «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігі;
Елена Куликова, «Атамекен» ҚР ҰКП «Жұмыспен қамту және әлеуметтік кәсіпкерлік» комитетінің төрайымы, «Technology and Innovation Hub» Бас директоры, «Garmonya» жеке қорының және «TABYS» әлеуметтік кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті.
Білім алушы-сарапшылар:
Искандер Байжанов, 2-курс магистранты, Бизнес және цифрлық технологиялар институты, «Ақпараттық жүйелер және салалар бойынша IT шешімдер» БББ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана);
Алишер Ильясов, 3-курс докторанты, «Халықаралық қатынастар» БББ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы);
Аскерхан Нургулан, 2-курс докторанты, «Философия» БББ, Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті (Қарағанды);
Карина Умарова, 1-курс докторанты, «Стандарттау» БББ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (Астана).
Агенттік тарапынан үйлестіруші - Гульфия Назырова, экономика ғылымдарының кандидаты, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу жобасының жетекшісі.
Сапар бағдарламасына сәйкес, комиссия жұмысының алғашқы күні сарапшылар проректорлармен, құрылымдық бөлімшелер басшыларымен, профессорлық-оқытушылар құрамымен, білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттары, білім алушыларды қолдау және кадрлық саясатқа қатысты мәселелер талқыланды.
