
3 курс заң факультеті студенттерімен академиялық қарыз мәселелері бойынша кездесу













10 наурыз күні сағат 16:00-де №112 аудиторияда заң факультетінің 3 курстың 6В04201-«Құқықтану», 6В04202-«Халықаралық құқық» және 6В04204-«Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистикалық қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы алдыңғы оқу жылдарындағы студенттердің академиялық қарызы, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарынан ауысу кезінде туындаған академиялық айырмашылық болды. Кездесу барысында заң факультетінің ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары, PhD докторы Даурембеков Е.К. сөз сөйлеп, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 31.03.2025 ж. академиялық саясат ережелерін түсіндірді. Атап айтқанда, академиялық қарызы бар 3 курс студенттері 4 курсқа ауыса алмайтыны айтылды. Кездесу соңында қатысушылар түрлі сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.
