
Психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Ташкентте өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

















Психология кафедрасының меңгерушісі Мамбеталина А.С. және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айтышева А.М., пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор Мандыкаева А.Р., п.ғ.к., аға оқытушы Рыскулова М.М. Ташкент қаласында 2026 жылы 27-28 наурыз айы аралығында ұйымдастырылған халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында «ОРТА АЗИЯДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ: БОЛАШАҒЫ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференция психология саласындағы жаңа зерттеулермен танысуға, әріптестермен тәжірибе алмасуға, пайдалы байланыс орнатуға мүмкіндік берді. Пленарлық мәжілісте кафедра меңгерушісі А.С. Мамбеталина, «Психологтардың кәсіби қызметін реттеудің нормативтік-құқықтық базасы: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.М. Айтышева, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Р. Мандыкаева, п.ғ.к., аға оқытушы М.М. Рысқулова халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде психология мамандығы бойынша оқитын студенттерге дәрістер өткізді. Кафедраның ПОҚ-ы бекітілген кестеге сәйкес Эксперименттік психология, заң психологиясы, стресс психологиясы, ойлау психологиясы, денсаулық психологиясы және т.б курстарды өткізді. Дәрістер барысында студенттер психологияның негізгі ұғымдарымен, теорияларымен және тәсілдерімен танысты. Семинарлар талқылау, ғылыми дереккөздерді талдау және практикалық мәселелерді шешу арқылы материалды тереңірек түсінуге көмектесті. Сыни тұрғыдан ойлауды және алған білімдерін практикада қолдана білуді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Тренингтің негізгі бөлігі топтық пікірталас, кейс-стади, рөлдік ойын, психологиялық тренинг, шеберлік сыныптары сияқты интерактивті әдістерді қолдану болды. Бұл студенттерге адам мінез-құлқының ерекшеліктерін жақсы түсінуге және қарым-қатынас, эмпатия және дағдарысты талдау дағдыларын дамытуға көмектесті.
Осылайша, осы университетте психология мамандығы бойынша оқитын студенттерге сабақ өткізу студенттердің жан-жақты дамуына және болашақ кәсіби іс-әрекетіне қажетті кәсіби құзыреттіліктердің қалыптасуына ықпал етті.
