
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Психология кафедрасының ПОҚ құрамы Ташкент қаласында мемлекеттік спорт Академиясында психологиялық зертхананың ашылу салтанатына қатысты.





2026 жылдың 26 наурызында психология кафедрасының меңгерушісі профессор м.а. Мамбеталина А.С. және психология кафедрасының ПОҚ-ы пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.М. Айтышева, пс.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Р. Мандыкаева, п.ғ.к., аға оқытушы М.М. Рысқулова халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында Ташкент қаласындағы мемлекеттік спорт Академиясының студенттері үшін дәрістер өткізді.
Шақырылған қонақтар ішінде Өзбекстан Республикасының спорт министрі А.И. Икрамов, Мемлекеттік спорт академиясының ректоры И. Тұрсыналиев және т.б. ғалымдар болды. Бұл сабақтар тек дене дайындығын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрақтылықты, мотивацияны және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Дәріс барысында стрессті басқару, зейінді шоғырландыру, өзіне деген сенімділікті дамыту және тиімді топтық жұмыс сияқты тақырыптарды қамтыды. Жарысқа психологиялық дайындық пен жарыстан кейінгі қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінді. Интерактивті дәріс барысында спортшыларға материалды жақсырақ түсінуге және жаттығулар мен жарыстарда алған білімдерін қолдануға мүмкіндік беретін пікірталастарды, практикалық жаттығуларды және нақты жағдайылық зерттеулерді қамтыды.
Бұл дәрістер спортшылардың физикалық ғана емес, сонымен қатар психологиялық қасиеттерін де дамытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және кәсіби өсуіне ықпал етуде үлкен рөл атқарды.
