
ЕҰУ-да дін психологиясы бойынша III халықаралық көктемгі мектеп өтті







Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы контексінде дін психологиясы» тақырыбында дін психологиясы бойынша III Халықаралық көктемгі мектеп өтті. Іс-шара университеттің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғарғы мектебінің базасында ұйымдастырылды.
Мектеп жұмысына Яссауи мұрасын және дін психологиясы мәселелерін зерттейтін шетелдік және қазақстандық ғалымдар қатысты.
Көктемгі мектеп «Ясауи жолы: Қазақстандағы дәстүрлі сопылықтың діни-философиялық, әдеби және лингвистикалық мұрасын кешенді зерттеу» ғылыми жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Мектеп жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Германиядан келген зерттеушілер қатысты. Іс-шара форматы университетте оффлайн қатысу және онлайн қосылу мүмкіндігін қарастырды. Ғалымдар баяндамалар барысында сопылық психологиясының әртүрлі аспектілерін, Ясауи рухани мұрасын, діни тәрбие мәселелерін және сопылық дәстүрінің тарихи және қазіргі контексттегі таралуын талқылады.
Жұмыс қорытындысы бойынша қатысушылар Ясауи рухани мұрасын зерттеудің және дін психологиясы мен дінтану саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту маңызды екенін атап өтті.
