
Жобаларды басқару: нақты құралдар мен кейстер



Үздіксіз білім беру институты жобалық офиспен бірлесіп, басқарушылық және білім беру қызметіне жобалық тәсілді енгізудің заманауи талаптарына жауап беретін «Project Management: толық дайындық курсы, жобалық құжаттаманы тәжірибеде қолдану – құралдар, шаблондар, кейстер» атты курсты сәтті жүзеге асырды.
Курс бағдарламасы тыңдаушыларда жобаларды басқару саласындағы өзекті құзыреттерді қалыптастыруға бағытталды. Лектор Ирина Янушкевич жоба өмірлік циклінің негізгі кезеңдерін - бастамалау, жоспарлау, іске асыру, бақылау және аяқтау үдерістерін жан-жақты түсіндірді.
Оқыту барысында практикалық аспектілерге ерекше назар аударылды: қатысушылар жобалық құжаттаманы әзірлеу және жүргізу құралдарын меңгеріп, университетішілік және сыртқы бастамалар аясында жобаларды басқару дағдыларын игерді. Сондай-ақ жобаларды іске асыру кезіндегі бөлімшелер арасындағы тиімді өзара әрекет мәселелері қарастырылды.
Тыңдаушылар курсқа жоғары баға берді. Алина Уайсбаева бұл оқу өзіне жобалық қызметтің негіздерін нөлден бастап меңгеруге мүмкіндік бергенін атап өтті. Анастасия Сеньковская курс жобаларды басқару кезеңдері мен әрбір қатысушының рөлін нақты түсінуге ықпал еткенін айтты. Ал Асия Досова алған білімдері жоспарлау, мерзімдерді бақылау және ресурстарды басқару қағидаларын тереңірек түсінуге көмектескенін жеткізді.
Барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді әрі сапалы үздіксіз білім беру жағдайларын жасау, когнитивтік қабілеттерді дамыту, сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыру және өмір сапасын арттыру - Үздіксіз білім беру институты қызметінің басты басымдықтары болып қала береді.
