
ЕҰУ Беларусь жоғары оқу орындарымен байланысын нығайтуда







Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне Беларусь жоғары оқу орындарының өкілдері - П.О. Сухой атындағы Гомель мемлекеттік техникалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Григорий Петришин және Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі Евгений Овчинников ресми сапармен болды.
Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығында университет басшылығымен, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ардак Бейсенбайдың қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелерін, оның ішінде қос диплом бағдарламаларын енгізу, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту бағыттарын талқылады.
Әсіресе құрылыс, сәулет, энергетика және IT-технологиялар салаларына ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара қызығушылық білдіріп, болашақ ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады.
