
ЕҰУ-да 18 білім беру бағдарламасының сыртқы аккредиттеуінің алдын ала қорытындылары шығарылды











Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) Сыртқы сараптау комиссиясының сапары аясында Физика-техникалық ғылымдар институты, Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институты, Жаратылыстану ғылымдары институты, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, Көлік-энергетика факультеті және Халықаралық қатынастар факультетінің 18 білім беру бағдарламасын мамандандырылған (қайта) аккредиттеу шеңберіндегі кезекті күні өтті.
Сапар бағдарламасына сәйкес сараптау комиссиясы оқу корпустарында аккредиттелетін білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасына визуалды тексеру жүргізіп, оқу сабақтарына қатысты, сондай-ақ келесі тәжірибеден өту орындарын аралады: «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі», «Жаңа химиялық технологиялар институты» ҒЗИ, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ, Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ, Ядролық физика институтының Пәнаралық ғылыми-зерттеу кешені.
Университет пен білім беру бағдарламаларының басшылықтарымен өткен қорытынды кездесуде Сыртқы сараптау комиссиясы аудиттің алдын ала нәтижелерін жариялады. Комиссия төрағасы – Maris Klavins, IAAR-дың шетелдік сарапшысы, химия ғылымдарының докторы, Латвия университетінің профессоры, ЕҰУ мен білім беру бағдарламаларының жетістіктерін атап өтіп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
