
«E-STUDIO» ұжымы мен «SAMURYQ» би мектебі халықаралық байқауда Бас жүлдеге ие болды











Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «SAMURYQ» би мектебі мен «E-STUDIO» шығармашылық ұжымы Алматы қаласында өткен «Beauty Made BORODINA» халықаралық көпжанрлы байқауында табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, «SAMURYQ» би мектебі «Рух» ұлттық биі мен «Ритм» заманауи биі номинацияларында Бас жүлдені жеңіп алды. Вокал жанрында «E-STUDIO» әншілері Айжан Кусаинова, Гүлім Әбілқайырова және Алихан Алпысбай Гран-при иегері атанса, «Халық әні» номинациясында Фатима Сыламбек, ал «Эстрадалық ән» номинациясында Айгерім Ахметова мен Алуа Бегайдарова I орынға ие болды.
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген қатысушылармен қатар, Қырғызстан мен Өзбекстаннан да өнерпаздар қатысты. Қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен әртүрлі жанрдағы шығармашылық нөмірлері байқаудың тартысты әрі әсерлі өтуіне ықпал етті.
«E-STUDIO» және «SAMURYQ» ұжымдарын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
