
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика және туризм жоғары мектебінің Мемлекеттік аудит кафедрасында «7М04120 – Мемлекеттік аудит» және «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс магистранттары мен докторанттарының зерттеу тәжірибесі есептерінің ашық қорғауы өткізілді.











2026 жылғы 30 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика және туризм жоғары мектебінің Мемлекеттік аудит кафедрасында «7М04120 – Мемлекеттік аудит» және «8D04121 – Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс магистранттары мен докторанттарының зерттеу тәжірибесі есептерінің ашық қорғауы өткізілді.
Зерттеу тәжірибесі ЖШС «Зерттеу, талдау және тиімділікті бағалау орталығы», Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, сондай-ақ мемлекеттік аудит органдары мен Астана қаласының Ревизиялық комиссиясы базасында өткізілді.
Ашық қорғаудың мақсаты – зерттеу тәжірибесінің қорытындыларын шығару және білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктерін бағалау. Іс-шара барысында магистранттар мен докторанттар өз зерттеулерінің нәтижелерін таныстырып, алынған қорытындылардың теориялық және практикалық маңыздылығын дәлелдеді.
Зерттеу тәжірибесі есептері білім алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы Smart.ENU жүйесіне жүктеліп, ғылыми жетекшілер мен комиссия мүшелері тарапынан бекітілді.
Комиссия құрамында:
– Спатаева Сауле Бакытовна – кафедра меңгерушісі, PhD, комиссия төрайымы;
– Серикова Мадина Амангалиевна – PhD, профессор міндетін атқарушы - комиссия мүшесі;
– Жұматаева Бакытжамал Ашимовна – PhD, қауымдастырылған профессор - комиссия мүшесі;
– Ракаева Алия Наурызбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор - комиссии мүшесі.
Комиссия мүшелері ұсынылған жұмыстардың сапасына объективті баға беріп, олардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап көрсетті.
Ашық қорғаудың қорытындысы бойынша білім алушылар зерттеу тәжірибесі есептерін сәтті қорғап, ғылыми-зерттеу бағыттарын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар алды.
