
«1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс: жаңа көзқарастар және тарихи жады» тақырыбында дөңгелек үстел

2026 жылдың 3-сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ұйымдастырылатын ғылым декадасы аясында Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс: жаңа көзқарастар және тарихи жады» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел модераторлары - Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.О. Сейтказина және Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М. Картабаева. Аталған іс-шараға Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Ө.Ж. Бекмағанбетов, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Қ.А. Еңсенов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Б.Б. Еңсепов және Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, сонымен қатар «Тарих» білім беру бағдарламасының докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар тарапынан 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс туралы қарастырылған жаңа көзқарастар мен ұстанымдар, көтеріліс себептері, барысы мен салдары және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
