
«Мәдениет және өнер» атты шеберлік сабақ

6 сәуәрде “Этнодизай” пәнінен педагогика ғылымдарының докторы Т.К. Самуратованың жетекшілігімен графикалық дизайн тобының білім алушылары белгілі этнодизайнер Карденова Бибигуль Лаубайқызының шеберханасында “Мәдениет және өнер” атты шеберлік сабаққа қатысты. Шеберлік сабақ қазақ мәдениетінің дәстүрлеріне терең бойлауға мүмкіндік берген ерекше тәжірибе болды. Шебер тек біліммен ғана емес, өзінің жеке тәжірибесімен де бөлісіп, мазмұнды, әсерлі әрі шынайы құнды ойларымен бөлісті. .
Этнодизайнер Б. Л. Карденова қазақ қолөнерінің танымлық, тәрбиелік мәніне тоқтала келе, ұлттық әшекей бұйымдардың жасалу жолдарына тоқталды. Белгілі болғандай, қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берген. Бұл тек оның әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар символикалық әрі қорғаныштық мағынасына байланысты әшекейлер адамның ішкі күйінің бір бөлігі ретінде қабылданғандығын түсіндірді.
Шеберлік сабақ соңында Б.Лаубайқызы білім алушыларға күмістен жасалған қазақтың ұлттық әшекей бұйымдарын сыйға тартты. Бұл жай ғана сыйлық емес, дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа берілуінің белгісі болды.

