
2-курс докторанттары мен магистранттары зерттеу практикасын сәтті өтті







2026 жылғы 19 қаңтар мен 28 наурыз аралығында «Халықаралық қатынастар», «Түркітану», «Аймақтану», «Саясаттану», «Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» білім беру бағдарламаларының 2-курс докторанттары, ал 2026 жылғы 5 қаңтар мен 28 наурыз аралығында «Халықаралық қатынастар», «Филология: түркі тілдері» білім беру бағдарламаларының 2-курс магистранттары зерттеу практикасын сәтті өтті.
Практика базалары ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты», «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Kazakh Invest», сондай-ақ «Халықаралық қатынастар», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Түркітану», «Саясаттану» кафедралары және басқа да ұйымдар қызмет атқарды.
Практика аяқталғаннан кейін докторанттар мен магистранттардың зерттеу практикасы бойынша есептерін қорғауы өтті. Қорғауға комиссия мүшелері, кафедралар бойынша практикаға жауапты тұлғалар, практика жетекшілері, 2-курс докторанттары мен магистранттары қатысты.
Қорытынды қорғау барысында білім алушылар практика кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы презентациялар ұсынып, алған тәжірибелерімен бөлісті, зерттеу дағдыларын дамытуға, теориялық білімдерін тереңдетуге және оларды диссертация тақырыбы аясында тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударды.
Докторанттар мен магистранттар өз баяндамаларында практика кәсіби және тұлғалық дамуға зор ықпал еткенін атап өтті. Сонымен қатар, практика барысында келесі міндеттер орындалды: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді зерделеу, заманауи әдістер мен тәсілдерді талдау, ғылыми мақалалар дайындау, диссертациялық жұмыстарды жалғастыру.
Қорғау нәтижесінде докторанттар мен магистранттардың зерттеу практикасының бағдарламасын толық көлемде орындағаны, жеткілікті деңгейде кәсіби құзыреттерін көрсеткені және есептерін сәтті қорғағаны атап өтілді.
