
ЕҰУ студенттері республикалық және халықаралық белестерді бағындыруда



«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының студенттері Нұрсұлу Асан мен Меруерт Көпжасар республикалық және халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, университетіміздің абыройын асқақтатты.
Нұрсұлу Асан 2025 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасы «Bilim - orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» республикалық марапатына ие болды. Бұл жетістік оның білімге деген ұмтылысы мен табандылығының айқын дәлелі.
Ал Меруерт Көпжасар республикалық деңгейде «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атағын иеленумен қатар, 2025 жылғы 13 желтоқсанда аталған орталық ұйымдастырған «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ» халықаралық марапатына ие болып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін халықаралық аренада дәлелдей алды.
Бұл жетістіктер - студенттердің қажырлы еңбегі мен ізденісінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар университетімізде берілетін сапалы білім мен ұстаздардың кәсіби қолдауының көрінісі.
Құрметті студенттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріне тілектестік білдіреміз!
