
Діни сауаттылық және экстремизмнің алдын алу





2026 жылдың 8 сәуір куні 2 курс студенттері, 24-09 тобында ЕҰУ теолог маманы Өнер Ермекұлының қатысуымен кафедраның оқытушысы М.Ж. Тусупбекова кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге дін туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, сондай-ақ экстремизм мен терроризмнің алдын алу болды.
Кураторлық сағат барысында теолог маман діннің қоғамдағы рөлі, дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діни ағымдардың айырмашылықтары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, діни экстремизмнің қауіптілігі, оның қоғамға тигізетін кері әсері және одан сақтану жолдары түсіндірілді.
Студенттер белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі мазмұнды жауаптар алды. Пікір алмасу барысында жастардың діни сауаттылығын арттырудың маңыздылығы атап өтілді.
