
Жасанды интеллект дәуіріндегі ғылыми-зерттеу қызметі: форсайт-сессия











2026 жылғы 8 сәуірде Білім жоғары мектебі, «Педагогика» кафедрасынның ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірінде білім алушылар мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметі қалай өзгеруі тиіс?» тақырыбында форсайт-сессия өтті.
Форсайт-сессияның басты мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің болашағын талқылау, жасанды интеллекттің ықпалын талдау және жаңа дағдыларды айқындау болды.
Сессия жұмысын кафедра меңгерушісі, профессор Асылбекова Марзия Пазиловна модераторлық жасап жүргізді. Білім жоғары мектебінің директоры, профессор Сомжүрек Баубек Жұмашұлы іс-шараның ашылуын жариялап, сессияның жұмысына сәттілік тіледі.
Форсайт-сессия аясында: жасанды интеллекттің ғылымдағы заманауи трендтері (ChatGPT, Copilot, AutoML) таныстырылды; қатысушылар арасында экспресс-сауалнама жүргізілді; топтық жұмыс барысында 3–5 жылдық перспективаға арналған «болашақ картасы» әзірленді; ғылыми қызметтің трансформациясы мен университеттік ортадағы өзгерістер талқыланды.
Спикер – докторант Сағадатов Р.Т., «Ғылымдағы ЖИ трендтері» тақырыбында баяндама жасады.
Қорытынды бөлімде модераторлар Нургалиева А.А. және Жұмағұл Д.Ә. негізгі ойларды жүйелеп, даму нүктелерін анықтады.
Форсайт-сессияға қатысушы бакалавриат және магистратура білім алушылары белсенді қатысып, өз идеяларын ұсынып, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша нақты ұсыныстар қалыптастырды.
