
Марат Ахметуллаұлы Опабековтің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбындағы қонақтық дәрісі







2026 жылдың 7 және 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Прокурорлық қадағалау кафедрасының аға оқытушысы Марат Ахметуллаұлы Опабековтің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында қонақтық дәрісі өтті. Дәріс Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің 6В04201–«Құқықтану» және 6В04204–«Сот-прокурорлық және тергеу-криминалистік қызметі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттеріне арнап өткізілді.
Өз сөзінде лектор тергеулік, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің орны мен нысандары, тергеу мерзімдері және дәлелденуге жататын мән-жайлар мәселелерін қозғады. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.
Мұндай іс-шаралар білім алушылардың сотқа дейінгі іс жүргізудегі адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының маңыздылығын түсінуіне, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуде заң талаптары мен тәртіптің қатаң сақталу қажеттілігін сезінуіне ықпал етеді.
