
ЕҰУ студенті «Орта Азияның үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды





Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Физикалық және экономикалық география кафедрасының 6B05209 – География білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Мәдиәр Нұрасыл Орынбасарұлы Инновациялық білім беру орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Орта Азияның үздік студенті» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды.
Байқау қазылар алқасының шешімімен студенттің Орталық Азия елдері арасындағы жастар саясатының дамуына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуы және әлеуметтік маңызы бар жұмыстардағы белсенділігі жоғары бағаланып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпазға «Орта Азияның үздік студенті» статуэткасы, төсбелгі және төсбелгі куәлігі, сондай-ақ І дәрежелі халықаралық диплом табысталды.
Бұл жетістік білім алушының мақсатты ізденісі мен белсенділігінің, сондай-ақ ғылыми жетекшісі, Жаратылыстану ғылымдары институты Физикалық және экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы Гүлнара Шаймерденқызы Оспанованың жетекшілігімен атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Кафедра ұжымы Мәдиәр Нұрасыл Орынбасарұлын лайықты жеңісімен құттықтап, алдағы оқу және қоғамдық қызметіне толайым табыс тілейді.
