
Кураторлық сағаттар: психологиялық тақырыптар
ЕҰУ жаңалықтары
09.04.2026 16









2026 жылғы 8 сəуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жаратылыстану ғылымдары институтының химия факультетінде психологияға байланысты əртүрлі тақырыптарға арналған кураторлық сағаттар өткізілді. Олардың қатарында күйзелісті басқару (өзін-өзі реттеу жəне эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау əдістері), алдауды анықтау (мінез-құлық пен вербалды емес белгілерді талдау арқылы) жəне басқа да өзекті мəселелер талқыланды. Іс-шараға «Органикалық заттар жəне полимерлер химиясы» бағыты бойынша 3 курс студенттері (қазақ, орыс, полияз/ағылшын топтары), сондай-ақ топ кураторы аға оқытушы Жумабаева Г.К қатысты. Аталған шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездесу барысында студенттер талқылауларға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Бөлісу:
