
Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-орын
Тұрақты даму
ЕҰУ жаңалықтары
09.04.2026 5



Заң факультетінің «Сот-прокурорлық тергеу криминалистикалық қызметі» мамандығының 1 курс студенті Өтепберген Берік – әлемнің үш дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 2026 жылғы 22–28 наурыз аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды!
Берік өз салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, нағыз чемпион екенін дәлелдеді. Оның табандылығы мен еңбегі – үлкен жетістікке жетудің айқын дәлелі.
Жеңісің құтты болсын! Алдағы жарыстарда да тек биік белестерді бағындыруыңа тілектеспіз!
Бөлісу:
