
7 елдің ғалымдары ЕҰУ-де өткен конференцияда дискурс пен цифрлық коммуникацияны талқылады







Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шетел филологиясы кафедрасында «Халықаралық диалог: дискурсивтік кеңістікті зерттеу» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Ланкастер университеті (Ұлыбритания), Антарктида және Оңтүстік Атлант аралдарының ұлттық университеті (Аргентина), Шри-Ланка елінің университеті, Сібір федералды университеті (Ресей Федерациясы), Академик К. Карасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті (Қырғызстан), Әбу Райхан Бируни атындағы Үргенч мемлекеттік университеті (Өзбекстан), Алматы қаласының ҚХҚ және ӘТУ университетінің (Қазақстан) ғалымдары қатысты.
Конференцияны Шетел филологиясы кафедрасының меңгерушісі доцент Досым Байдрахманов салтанатты түрде ашып, алғысөзді конференция қонақтарына, филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы және Working partners Consorcium компаниясының директоры Келли Конуейге ұсынды. Университет басшылығы мен қонақтары ғылыми ынтымақтастық пен академиялық диалогтың маңызын атап өтті.
Пленарлық отырыста ғалымдар тіл, дискурс және цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас жасанды интеллекттің ашық және қашықтан оқытудағы рөлі, көркем дискурс және вербалды/бейвербалды коммуникация, аударма стандарттарының эволюциясы мәселелерін талқылады.
Конференция аясында тіл білімі, аударматану және цифрлық гуманитаристика салаларындағы жаңа ғылыми байланыстар орнады.
Мұндай халықаралық кездесулер ғылыми қауымдастықтың дамуына серпін беріп, академиялық диалогты кеңейтуге үлкен үлес қосады.
