
Кураторлық сағат: теолог Өнер Ермекұлымен кездесу







2026 жылғы 9 сәуірде Жаратылыстану ғылымдары институтының химия кафедрасында В053-5306 «Органикалық заттар және полимерлер химиясы», В053-5301 «Қолданбалы химия», В053-5302 «Бейорганикалық химия» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне арналған кураторлық сағат аясында теолог Өнер Ермекұлы (әлеуметтік жобалар бөлімінің бас маманы) қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шара студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алуға бағытталды. Кездесу барысында спикер қазіргі қоғамдағы діннің рөлі, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бағыттардың ерекшеліктері туралы айтып, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге интернет кеңістігінде радикалды идеологияларды тану, ақпаратты талдау, сенімді дереккөздерді ажырата білу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті: студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Өнер Ермекұлы барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша студенттер мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, олардың дүниетанымын кеңейтіп, әлеуметтік және рухани мәселелерге жауапкершілікпен қарауға ықпал ететінін айтты.
Кураторлық сағат жастар арасында толеранттылық, өзара құрмет және саналы көзқарас құндылықтарын нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.
