
ЕҰУ Орталық Азиядағы білім беруді цифрландыру мәселелері бойынша C5 халықаралық диалог алаңына айналды















Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның филология факультеті шетел тілдері кафедрасы «C5 Cross-Border Dialogue on Digital Transformation in Education» атты халықаралық онлайн диалог өткізді.
Диалогтың мақсаты - Орталық Азиядағы С5 елдерінің студенттерін біріктіріп, білім берудегі цифрлық трансформация мен инновациялар бойынша пікір алмасуға мүмкіндік жасау.
Бұл іс-шара С5 форматында алғаш рет ұйымдастырылып, Орталық Азия елдерінің елдерінің өкілдерін біріктірді және аймақтық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Іс-шараға С5 елдерінен жас зерттеушілер: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Тәжікстан, сондай-ақ кафедра оқытушылары мен қонақтар қатысты.
Іс-шара барысында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи білім беру құралдарының білім беру үдерісіне ықпалы,
сондай-ақ оларды енгізудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды.
Құрметті қонақтар қатарында:
Индира Рыстина (проректор, ЕҰУ),
Әсел Омарбекова (Цифрлық даму және онлайн оқыту департаментінің директоры),
Чолпон Тыныбекова (ОшМУ-нің шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі),
Айнұр Найманбай (ЕҰУ филиалы, Қырғызстан),
Перизат Балхимбекова (шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, ЕҰУ),
Айгерім Бекқожа (бас маман, шетел азаматтарымен жұмыс жөніндегі Сектор).
Модератор: Жанна Кузар (PhD, аға оқытушы) пікірталасты жүргізіп, қатысушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етті.
Іс-шара Қазақстандағы 2026 жыл – Цифрландыру жылы аясында өтіп, ЕҰУ-дың 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Аталған диалог Орталық Азия елдері арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуда және цифрлық трансформацияны ілгерілетуде маңызды алаңға айналды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
