
Ғылым күніне орай көлік – энергетика факультетінің деканы мемлекеттік марапатқа ие болды
#ENUscience
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
13.04.2026 9



Қазақстан Республикасының Ғылым күніне орай Көлік-энергетика факультетінің деканы Кокаев Умиржан Шералиевич «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтіп, марапатты Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Бәтташұлы табыстады.
Бұл марапат Умиржан Шералиевичтің ғылым мен жоғары білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктерін және жас мамандарды даярлауға сіңірген еңбегін жоғары бағалаудың белгісі болып табылады.
Факультет ұжымы құттықтай отырып, ғылыми ізденістерде және кәсіби қызметте жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіреміз.
Бөлісу:
