
«Геодезия және картография» кафедрасында «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» XXI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті



2026 жылғы 13 сәуірде «Геодезия және картография» кафедрасында «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» XXI Халықаралық ғылыми конференциясы табысты өтті. Аталған конференция ғылыми идеялармен алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және білім алушылардың зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған маңызды алаңға айналды. Конференция жұмысына 6В071100 – Геодезия және картография, 6B07314 – Қала құрылыстық жоспарлау және кадастр, сондай-ақ 7М07311 – Геодезия білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары белсенді қатысты. Қатысушылар геодезия, картография, қала құрылысы және кадастрлық зерттеулердің заманауи даму бағыттарын қамтитын ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Конференция барысында магистранттардың баяндамаларына ерекше назар аударылды. Олар өз зерттеулерінің өзектілігін, практикалық маңыздылығын және жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қорытынды бойынша үздік баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, бұл жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктерін лайықты бағалау болып табылады. Сонымен қатар, конференцияға қатысқан барлық қатысушылар белсенділігі үшін сертификаттармен марапатталды. Осындай ғылыми іс-шараларды өткізу білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады, ол студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.
