
Ғылым декадасы: Педагогика кафедрасында жас ғалымдардың ғылыми секциясы ұйымдастырылды орсы агылшын тилдерине аудар
ЕҰУ жаңалықтары
13.04.2026 9













2026 жылғы 13 сәуірде «Ғылым қызметкерлері күні» және ғылым декадасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай өткен «ĞYLYM JÁNE BІLІM – 2026: THINK. RESEARCH. CREATE.» жас ғалымдардың ХХІ Халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде Білім жоғары мектебі, Педагогика кафедрасының секциялық отырысы ұйымдастырылды.
Секциялық отырыстың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау, өзекті педагогикалық мәселелер бойынша пікір алмасу және тәжірибе бөлісу.
Секция отырысын кафедра меңгерушісі, профессор Асылбекова Марзия Пазиловна модераторлық жасап жүргізді. Білім жоғары мектебінің директоры, профессор Баубек Жұмашұлы Сомжүрек алғы сөз сөйлеп, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне сәттілік тілеп, ғылыми ізденістің маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми баяндамаларын ұсынып, заманауи білім беру үрдістері мен ғылыми бағыттар төңірегінде талқылау жүргізді. Секция жұмысының соңында үздік баяндама жасаған жас ғалымдар мен зерттеушілер Тулеубаева Нұрай (6В01101) 1 дәрежелі диплом; Кенжеболатқызы Меруерт (6В01201) және Жапекова Медина (6В01101) 2 дәрежелі диплом; Пердоусова Амина, Сайгутина Аксенья (6В01801), Жандосова Жаннұр және Сұлтан Амина (6В01201) 3 дәрежелі дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. осы жаналыққа ат жаз
Бөлісу:
