
ЕҰУ-де «Жасанды интеллект: ғылым мен мемлекеттік саясатты дамытудағы рөлі» атты халықаралық форум

Бүгін, 15 сәуірде сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Жасанды интеллект: ғылым мен мемлекеттік саясатты дамытудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми форум өтеді. Іс-шара «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен университеттің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.
Форумның негізгі бағыттары:
-
ЖИ-дің ғылым мен мемлекеттік саясаттағы рөлі;
-
AI governance (ЖИ басқару) мәселелері;
-
ЖИ этикасы мен құқықтық реттелуі;
-
Мемлекеттік басқарудың жаңа цифрлық модельдері.
Форумға ҚР Парламенті депутаттары, «AMANAT» партиясының басшылығы және АҚШ, Нидерланд, Испания, Ұлыбритания мен Ресейдің жетекші профессорлары қатысады.
Өтетін орны мен форматы:
-
Уақыты: 15 сәуір, 11:00
-
Орны: ЕҰУ Бас ғимараты, Ғылыми Кеңес залы
-
Форматы: Гибридті (офлайн және онлайн)
-
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
-
Тікелей эфир: YouTube-тегі ENU Ultmedia арнасы
