
Түйіндемені қалай дұрыс жазуға және жақсы жұмыс табуға болады
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
20.10.2023 748

Карьера және бизнес серіктестігі бөлімі старосталар Кеңесімен бірлесіп, ұйымдастырған бітіруші курс студенттеріне арналған «Түйіндемені қалай дұрыс құрастыру керек» мастер-класс өтті.
Мастер-класстың мақсаты – түйіндеме жасауда маңызды қадам жасай отырып, түлектерге жақсы жұмысқа орналасуға көмектесу. Мастер-класс Microsoft Teams платформасында онлайн форматта өтті. Спикер – HeadHunter маркетинг және PR жетекші менеджері Махмудова Рахима болды.
Ол түйіндеменің маңыздылығын, мысалдарын, тәсілдері мен мақсаттарын түсіндіре отырып, студенттерге кеңес берді. Студенттер қажетті сұрақтар қою арқылы белсенділік танытты.
Бөлісу:
