
Жасанды интеллект спорт ғылымында





Қауымдастырылған профессор Усина Жанар Амангельдинқызы «Спорт саласында ғылыми зерттеулерді қолдануда заманауи инновациялық технологияларды пайдалану мәселелері мен шешімдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысып, 2026 жылдың 10–11 сәуірінде Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінің Нукус филиалы базасында (Өзбекстан) онлайн форматта өткен іс-шараға белсенді қатысты.
Конференция ұйымдастырушылары — Өзбекстан Республикасы Спорт министрлігі және Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі.
Ғылыми жиын аясында Усина Ж.А. «Спортшылардағы жарақаттарды диагностикалау және жүктемелерді болжауда жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Зерттеуде спорттық медицинада жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи мүмкіндіктері, соның ішінде жарақаттарды ерте анықтау, диагностика дәлдігін арттыру және жаттығу үдерісін оңтайландыру мәселелері қарастырылды.
Конференцияға қатысу халықаралық ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасуға, спорт ғылымының өзекті мәселелерін талқылауға және ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.
