
«Құрылыс» кафедрасында «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» XIX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.







2026 жылғы 13 сәуірде Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс» кафедрасында «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2026» XIX Халықаралық ғылыми конференциясының секциялық отырысы өтті.
Конференцияның халықаралық деңгейде мойындалған тұрақты ғылыми алаң ретіндегі маңыздылығы ерекше атап өтілді. Форумның 21-рет өткізілуі оның қарқынды дамуының, академиялық дәстүрлерінің нығаюының және ғылыми ортадағы беделінің артып келе жатқанының айқын дәлелі болып табылады. Іс-шараның университеттің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі оған ерекше мән береді.
Секциялық отырыс жұмысына 29 баяндама жасаушы қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді тарту, халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейту, сондай-ақ олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Қорытындысы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
І дәрежелі диплом
- Мекеев Е.А (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс магистранты), «Үш қабатты темірбетон панельдерін салыстырмалы талдау» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Кудайбергенов Н.Б.
ІІ дәрежелі диплом
- Жанат Д.Ж. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 4-курс бакалавры), «Болат қаңқалы ғимараттарды компьютерлік әдістермен есептеу» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Кудайбергенов Н.Б.
- Кошербаев Т.А. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 1 курс магистранты), «Қазақстан Республикасында құрама темірбетон конструкцияларын сертификаттау» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Кудайбергенов Н.Б.
ІІІ дәрежелі диплом
- Тілеуғабыл С.Т. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 4-курс бакалавры), «Еурокод және ҚР ЕЖ бойынша болат арқалықтардың отқа төзімділік шегін анықтауды салыстырмалы талдау» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Кудайбергенов Н.Б.
- Әбутәліп Н.М. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2-курс бакалавры), «Топырақты нығайту үшін қалдықтарды пайдалану: шолу» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Тулебекова А.С.
- Мусакалимов В.С. (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2-курс бакалавры), «Астана қаласында мектеп үлгісінде құрылыс технологиясы бұзылған кезде темірбетон қаңқасының пайдалану сенімділігін талдау» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісісі – Нухаева Б.О.
