
«Жетістік тарихы: археологтар мен этнологтардың мансаптық жолдары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

2026 жылдың 9 сәуірінде тарих факультетінде археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен «Жетістік тарихы: археологтар мен этнологтардың мансаптық жолдары» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға археология және этнология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, үшінші және төртінші курс студенттері, магистранттар қатысты. Отырыстың модераторлары М. К. Хабдулина, Т. В. Кошман болды.

Дөңгелек үстелге шақырылған қатысушылар, өткен жылдардағы «Археология және этнология» ББ бакалавриат және магистратура түлектері: Дукомбаев Азамат – Новосібір мемлекеттік университетімен қос дипломды магистрлік бағдарламаның түлегі, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2 курс докторанты; Кәрімбаева Зулхумар - М. К. Аммосов атындағы СШФУ-мен қос дипломды магистрлік бағдарламаның түлегі, Ә. Х. Марғұлан ат. Археология институттың кіші ғылыми қызметкері; Сапарова Камеля-7М02208 «Археология және этнология» білім беру бағдарламасының түлегі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғылыми-әдістемелік қызметінің археология және этнография бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.

М.К. Аммосов атындағы СШФУ – мен қос дипломды магистрлік бағдарламаның түлегі Жанатаев Диас түлектерге бейнебайланыс арқылы жүгінді, бүгінде РҒА-дан Солтүстіктің шағын халықтарының гуманитарлық зерттеулер және проблемалар институтының аспиранты. Олардың әрқайсысы қос дипломды білім беру аясында өзінің оқу тарихымен, бүгінгі таңда практикалық жұмыс дағдыларымен бөлісті және аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Талқылау барысында кафедра оқытушылары Қаженова Г.Т., Тлеугабулов Д. Т. сөз сөйлеп, магистратурада оқу қажеттілігін және М.К. Аммосов атындағы СШФУ-мен бірлесіп қос дипломды білім алу мүмкіндігін атап өтті.
