
"Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы" кафедрасында "ǴYLYM JÁNE bilim – 2026"ХІХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

2026 жылғы 13 сәуірде Астана қаласында «Ғылым және білім – 2026» атты XIX Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Сәулет және құрылыс» секциясының отырысы өтті. Қатысушылардың назарында құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру мәселелеріне арналған 11.4 кіші секция болды.
Секция жұмысына 19 қатысушы – кафедра оқытушылары, магистранттар және студенттер қатысты. Олардың ішінде 12-сі студенттер мен жас ғалымдар болып, өз ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерін ұсынды.
Отырыс кәсіби пікір алмасу жағдайында өтті. Қатысушылар саладағы өзекті үрдістерді талқылап, тәжірибе алмасты және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Бұл өз кезегінде мұндай іс-шаралардың құрылыс ғылымын дамытудағы және жас мамандарды даярлаудағы маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Комиссия құрамы:
- Секция төрағасы – к.т.н., доцент Киргизбаев А.Т.
- Секция мүшелері – Байменова Г.Р., Нурбаева М.Н., Алтынбекова А.Д.
- Секция хатшысы – Коспармакова С.А.
Секция отырысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалар анықталып, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І дәрежелі диплом:
- Билялиев Абылайхан Султанұлы (магистрант), ғылыми жетекші – Есенгабулов С.К.
ІІ дәрежелі диплом:
- Altynbek Marat (магистрант), ғылыми жетекші – Алтынбекова А.Д.
- Сатымбек Жаннур Дауренқызы (2 курс студенті), ғылыми жетекші – Уркинбаева Ж.И.
ІІІ дәрежелі диплом:
- Исмагулова Амиля Тимуровна (1 курс студенті), ғылыми жетекші – Алтынбекова А.Д.
- Карамзин Виталий Сергеевич (магистрант), ғылыми жетекші – Кусаинов М.К.
- Тусыпова Жулдызай Болатқызы (магистрант), ғылыми жетекші – Алтынбекова А.Д.
