
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқытушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі алаңында Ғылым күні аясында ұлттық құндылықтарды талқылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі 2026 жылғы 10 сәуірде Қазақстандағы Ғылым күніне орай «Музей мен ғылымның ұлттық құндылықтарды зерттеудегі өзара әрекеттестігі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында «Ұлттық музей қорындағы көне және ерте ортағасырлық қару-жарақ» атты ғылыми каталогтың тұсаукесері өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары т.ғ.д. Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Есенов Қ.А., т.ғ.к., тарих факультетінің ғылым жөніндегі декан орынбасары Мұхаметжанова Н.А., археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Кошман Т.В. қатысты.

Археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Кошман Татьяна Васильевнаның баяндамасы Ақмола қаласындағы алғашқы музейдің негізін қалаушы Л.Ф. Семеновқа арналды. 14 сәуірде музей ісінің негізін қалаушы, өлкетанушы, Ақмола және Қарағанды облыстарының тарихы, археологиясы мен этнологиясы бойынша бірқатар еңбектердің авторы Л.Ф. Семеновтың туғанына 125 жыл толады. Кошман Т.В. жергілікті тарих пен тарихи ескерткіштерді сақтау мақсатында өлкетану қозғалысын дамытудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
