
Сәулет саласындағы өзекті үрдістер «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» конференциясы аясындағы секция отырысында талқыланды

2026 жылғы 13 сәуірде «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» XXI Халықаралық ғылыми конференциясы аясында 11.3 «Жаһандық әлемдегі сәулет: даму тенденциялары мен перспективалары» атты қосалқы секцияның отырысы өтті.
Секция жұмысы барысында жаһандану жағдайындағы сәулеттің өзекті үрдістері мен даму перспективаларын талдауға арналған 73 ғылыми мақала ұсынылып, талқыланды. Жас зерттеушілердің, магистранттар мен студенттердің шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараның маңыздылығын университеттің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі арттыра түсті.
Секция жұмысының қорытынды кезеңінде нәтижелер шығарылып, ғылыми жұмыстары комиссия мүшелері тарапынан жоғары бағаланған студенттер мен магистранттар марапатталды.

Қорытынды бойынша келесі қатысушылар марапатталды:
I дәрежелі диплом:
Си Ван Сян А.А. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 5 курс студенті) – «Геоинформационная оценка жилых районов Астаны на соответствие концепции «15-минутного города» тұжырымдамасына сәйкестігін геоақпараттық бағалау» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісі – Тойшиева А.А.

II дәрежелі диплом:
Сабырова Ж.Н. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2 курс студенті) – «Түзу сызықты жазылмайтын беттердің архитектурада қолданылуы» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісі – Кусебаев У.К.
Юн Д.Е. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 1 курс магистранты) – «Архитектурная школа будущего: новые форматы образовательных пространств в условиях цифровой трансформации». Ғылыми жетекшісі – Чекаева Р.У.

III дәрежелі диплом:
Токаев А.Б. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2 курс магистранты) – «Роль атриумного пространства в формировании архитектурного образа ТРЦ» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісі – Хван Е.Н.
Аманжол Д.Н. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 1 курс магистранты) – «Историческое развитие досуговых центров» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісі – Сарсембаева Д.Е.
Колесникова А.Н. (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 3 курс студенті) – «Buildings out of context: the conflict between modern construction and the architectural DNA of Almaty» мақаласы үшін. Ғылыми жетекшісі – Батырова М.Х.


