
2026 жылғы 13 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.









2026 жылғы 13 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2025» атты ХХ халықаралық ғылыми конференциясы шеңберінде «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты 6.5-секцияның жұмысын аударма теориясы мен практикасы кафедрасы атқарды.
«Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты 6.5-секцияны Л.Н.Гумилев атындағы aударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Д.М. Акижанова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, іс-шараға aударма теориясы мен практикасы кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор М.Ж. Ескиндирова қатысып, конференцияға қатысқан студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған құттықтау сөз сөйледі. Жас зерттеушілердің аударма және мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми ізденістерінің маңыздылығын атап, қатысушыларға қолдау мен сәттілік тілегін aударма теориясы мен практикасы кафедрасының докторанты Ж.Б. Буркитбаева жеткізді.
«Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» бағыты бойынша комиссия төрағасы – PhD докторы Д.М. Акижанова. комиссия мүшелері – ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор Г.И. Кульдеева, ф.ғ.к., профессор Ж.М. Қоңыратбаева, ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор М.Ж. Ескиндирова. Комиссия хатшысы – докторант Ж.Б. Буркитбаева.
Комиссияның қарастыруына жас ғалымдар тарапынан 23 ғылыми өтінім түсті. Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (Астана), Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ.), Шәкәрім университеті (Семей), магистранттары мен докторанттары қатысты. Секцияның жұмыс тілдері — қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды.
Секция жұмысы барысында жас ғалымдар өз пікірлерін айтып, аударма саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Конференцияның «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты секциясы өте белсенді әрі қызықты форматта өтті. Секция жұмысының нәтижесінде жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылды.
Секция жұмысының нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
1 орын:
– Егизбаева Арайлым, Ырысхан Шырын, Кувандык Назерке. Тақырыбы: Қазақ халық ертегісін ағылшын тілінде жеткізу оңай ма? (көксерек ертегісі негізінде).
2 орын:
– Задорожная Людмила. Тақырыбы: Автоматизированный и машинный перевод: особенности применения терминов в научной литературе.
– Ризабекова Айнұр. Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдері арасындағы аудармадағы лингвомәдени сәйкессіздіктер және мәдениетаралық коммуникация мәселелері.
3 орын:
– Үкіметхан Ақбота. Тақырыбы: Нәзипа Құлжанованың «күн тұтылғанда» әдеби аудармасының көркемдік-мәдени сипаты.
- Шакен Мерей. Тақырыбы: Translation of vernacular toponyms: linguocultural and cognitive challenges in kazakh and english.
– Фищук Анжелика. Тақырыбы: Прагматический эффект в локализации интерактивной видеоигры (на материале игры “the quarry”).
Орын алған жеңімпаздардан бөлек, конференцияға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды:
– Буркитбаева Жадыра. Тақырыбы: Передача национального колорита художественного текста в системах машинного перевода: сопоставительный анализ с экспертным переводом.
– Кенжаева Мафтуна. Тақырыбы: Translating culture-bound and ineffable concepts across languages: untranslatable emotions in Kazakh, Tajik, Uzbek, Turkish, Russian, and Azerbaijani.
– Қабден Қаракөз. Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикалық категорияларына салыстырмалы талдау.
– Сапанова Анар. Тақырыбы: Особенности перевода начальной и финальной формул народных сказок.
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне ұсынылған зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейі, белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді. Баршаңызға ғылыми жұмыстарыңызда шығармашылық табыс тілейміз!
