
«ǴYLYM JÁNE BILIM – 2026» XX Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Қазіргі халықаралық үдерістер» секциясының отырысы өтті









































































АСТАНА, 13 сәуір 2026 ж.
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2026» XX Халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Қазіргі халықаралық үдерістер» секциясының (Халықаралық қатынастар кафедрасы) отырысы өтті. Іс-шара бас ғимаратта (319 ауд.) өтті.
Төрайымы – халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, PhD Г.Ж. Кенжалина, комиссия құрамында – профессор, с.ғ.д. Р.С. Елмурзаева, профессор, т.ғ.д. А.М. Есдаулетова, доцент, т.ғ.к. С.М. Нурдавлетова, хатшы – аға оқытушы, с.ғ.к. А.Ж. Турханова.
Секцияның арнайы құрметті қонағы – Т.С. Сулейменов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, тәуелсіздік алғаннан кейінгі республиканың тұңғыш Сыртқы істер министрі, дипломат.
Секцияға барлығы 48 баяндама қабылданды, 30 қатысушы ауызша баяндама жасады: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Қ. Көлажанов атындағы ҚазУТБ, М.В. Ломоносов атындағы ММУ және Аризона университетінен (АҚШ).
Байқау қорытындылары:
1 орын
Жұбай Әлия Әбілжанқызы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚФ студенті, баяндама тақырыбы: «Халықаралық ұйымдардың гуманитарлық саладағы рөлі: теориялық негіздері, институционалдық тетіктері және заманауи сын-қатерлер».Ғылыми жетекшісі – с.ғ.к., аға оқытушы А.Ж. Турханова.
2 орын
Садық Жантөре Бахтиярұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚФ студенті, баяндама тақырыбы: «2022 жылдан кейінгі геосаяси поляризация жағдайындағы Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының тиімділігі: қиындықтар мен шектеулер». Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Г.Е. Ибрагимова.
Сабыржанова Меруерт Ериковна – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚФ студенті, баяндама тақырыбы: *«Escalation of Arab-Israel Conflict (2023–2026): Regionalization, and the Crisis of International Governance», ғылыми жетекшісі – аға оқытушы И.А. Есдаулетов.
3 орын
Өмірзақ Айбек Аятұлы – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің 3 курс студенті, баяндама тақырыбы: «Қазақстанның қазіргі әлемдегі геосаяси орны: перспективалары мен шешімдері». Ғылыми жетекшісі – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Дүниежүзілік тарих және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Е.Н. Аймахов.
Какенов Адильбек Алматович – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚФ студенті, баяндама тақырыбы: «Ақпараттық соғыс факторы мемлекеттің сыртқы саясатына әсер ету механизмі ретінде». Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ануар Қазбекұлы Әлкеев.
Қорғанбек Мұхаммедрахим Ерлібекұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ХҚФ студенті, баяндама тақырыбы: «Когнитивтік соғыс: Ұлттық қауіпсіздік контекстіндегі Қазақстан Республикасының когнитивтік тұрақтылығын анықтау, талдау және бағалау». Ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Ануар Қазбекұлы Әлкеев.
#Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылым Департаменті
