
«ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» халықаралық конференциясының қорытындылары ЕҰУ-да шығарылды









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған «ǴYLYM JÁNE BІLІM – 2026» ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференциясы шеңберінде «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты 6.5-секцияның жұмысын аударма теориясы мен практикасы кафедрасы атқарды.
Секцияны aударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Д.Акижанова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, іс-шараға aударма теориясы мен практикасы кафедрасының қауымдастырылған профессор М.Ескиндирова қатысып, конференцияға қатысқан студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған құттықтау сөз сөйледі. Жас зерттеушілердің аударма және мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми ізденістерінің маңыздылығын атап, қатысушыларға қолдау мен сәттілік тілегін aударма теориясы мен практикасы кафедрасының докторанты Ж.Буркитбаева жеткізді.
«Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» бағыты бойынша комиссия төрағасы - PhD докторы Д.Акижанова. комиссия мүшелері қауымдастырылған профессор Г.Кульдеева, профессор Ж.Қоңыратбаева, қауымдастырылған профессор М.Ескиндирова. Комиссия хатшысы - докторант Ж.Буркитбаева.
Комиссияның қарастыруына жас ғалымдар тарапынан 23 ғылыми өтінім түсті. Конференцияға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (Астана), Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ.), Шәкәрім университеті (Семей), магистранттары мен докторанттары қатысты. Секцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс және ағылшын тілдері болды.
Секция жұмысы барысында жас ғалымдар өз пікірлерін айтып, аударма саласындағы өзекті мәселелерді талқыға салды. Конференцияның «Аударма және мәдениетаралық коммуникация мәселелері» атты секциясы өте белсенді әрі қызықты форматта өтті. Секция жұмысының нәтижесінде жас ғалымдардың зерттеу жұмыстары арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, орын алмаған қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылды.
Секция жұмысының нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
1 орын:
Арайлым Егизбаева, Шырын Ырысхан, Назерке Кувандык. Тақырыбы: Қазақ халық ертегісін ағылшын тілінде жеткізу оңай ма? (көксерек ертегісі негізінде).
2 орын:
Людмила Задорожная. Тақырыбы: «Автоматизированный и машинный перевод: особенности применения терминов в научной литературе».
Айнұр Ризабекова. Тақырыбы: «Ағылшын және қазақ тілдері арасындағы аудармадағы лингвомәдени сәйкессіздіктер және мәдениетаралық коммуникация мәселелері».
3 орын:
Ақбота Үкіметхан. Тақырыбы: «Нәзипа Құлжанованың «күн тұтылғанда» әдеби аудармасының көркемдік-мәдени сипаты».
Мерей Шакен. Тақырыбы: «Translation of vernacular toponyms: linguocultural and cognitive challenges in kazakh and English».
Анжелика Фищук. Тақырыбы: «Прагматический эффект в локализации интерактивной видеоигры».
Орын алған жеңімпаздардан бөлек, конференцияға қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды:
Жадыра Буркитбаева. Тақырыбы: «Передача национального колорита художественного текста в системах машинного перевода: сопоставительный анализ с экспертным переводом».
Мафтуна Кенжаева. Тақырыбы: «Translating culture-bound and ineffable concepts across languages: untranslatable emotions in Kazakh, Tajik, Uzbek, Turkish, Russian, and Azerbaijani».
Қаракөз Қабден. Тақырыбы: «Ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикалық категорияларына салыстырмалы талдау».
Анар Сапанова. Тақырыбы: «Особенности перевода начальной и финальной формул народных сказок».
Ұйымдастыру комитеті барлық қатысушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне ұсынылған зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейі, белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреді. Баршаңызға ғылыми жұмыстарыңызда шығармашылық табыс тілейміз!
