
ЕҰУ-дің ағылшын тілі бойынша Гумилев онлайн-олимпиадасы түрлі елдерден келген студенттерді біріктірді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің шет тілдері кафедрасы Қазақстан, сондай-ақ көршілес және алыс шетелдер университеттерінің тілдік емес мамандықтар бойынша оқитын бірінші және екінші курс студенттері үшін ағылшын тілінен 6-шы халықаралық Гумилев онлайн олимпиадасын өткізді.
Олимпиада 2026 жылғы ең өзекті тақырыптардың бірі: «Smart оқыту: білім берудегі инновациялар» тақырыбына арналды.
Олимпиаданың мақсаты осы тақырып аясында студенттердің ауызша дағдыларын анықтау және дамыту, ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру және жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттыру болды.
Жыл сайынғы Халықаралық Гумилев онлайн олимпиадасына Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 270-тен астам тілдік емес мамандықтардың бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Атап өткенде, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, Шәкәрім университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы (Алматы), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті, Тұран университеті (Астана), сондай-ақ алыс-жақын елдердің университеттері: Ош мемлекеттік университеті, Югра мемлекеттік университеті, Карабук университеті (шетел тілдері кафедрасының серіктес университеті), Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті (Түрікменстан), Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті, Әзірбайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің академиясы, Мәскеу байланыс және информатика техникалық университеті, И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті.
Олимпиаданың ауызша бөлімін бағалауға шақырылған сарапшылардың қатарында Raveenthiran Vivekanantharasa (Шри-Ланка ашық университетінің білім беру факультетінің аға оқытушысы), Aali Waqar Abbasi (TESOL түлегі, ағылшын тілі мұғалімі, Вьетнам) және Юлия Александровна Миллер (InterPress Distribution LLP кеңесшісі және әдіскері) болды.
Олимпиаданы Ұлыбританияда орналасқан мәдени қатынастар мен білім беруге мамандандырылған және кафедраның серіктесі болып табылатын British Council (Астана қаласында) өкілдері демеушілік етті.
1-ші орын жеңімпаздары:
Бексұлтан Мусин (Астана медициналық университеті) және Алуа Шарипова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау» мамандығының студенті иеленді.
2-ші орын иегерлері:
Гүлсая Усен (Биология мамандығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ),
Камилла Тұрарбек (Медицина университеті, Астана),
Милана Мейрамова (Менеджмент мамандығы),
Аурика Лавраненко (Тұран университеті, Астана),
Каримли Тугай (Әзірбайжан Мемлекеттік кеден комитетінің академиясы),
Глеб Дмитрюк (Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Электр энергетикасы» мамандығы).
3-ші орын иегерлері:
Арсений Кельбрант (Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті),
Бағүл Іскендерова (Халықаралық қатынастар және әлемдік саясат мамандығы, Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті, Түрікменстан),
Исоқжон Зияидинов (Ош мемлекеттік университеті, Қырғызстан),
Джеран Сиябент (Карабүк университетінің гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті),
Абылқайр Нұрғазыұлы (Экономика, менеджмент және маркетинг, Қазақстан агротехникалық университеті),
Темірлан Омар (Шәкәрім университетінің «География және тарих мұғалімдерін даярлау» мамандығы),
Медина Болатова («Экономика» мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ),
Айым Қуандыққызы («Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті),
Айшабиби Абылқайырова («Сәулеттік дизайн» мамандығы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).
Барлық жеңімпаздар 1-ші, 2-ші және 3-ші орын дипломдарымен, екінші кезеңге өткен студенттер сертификаттармен, қатысушылардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды
Бұл іс-шара талантты жастарды анықтау және тілдік білім беруді дамыту үшін тиімді платформа ретіндегі маңыздылығын растады.
