
E-UNI.KZ және IPR SMART білім беру платформаларының мүмкіндіктері







2026 жылғы 15 сәуірде ЕҰУ Ғылыми кітапханасында Қазақстандағы баспа бойынша білім беру шешімдерінің жетекші әзірлеушілерінің бірі «EDP Hub» ЖШС ұйымдастыруымен «E-UNI.KZ және IPR SMART білім беру платформаларының мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілді.
«EDP Hub» компаниясының өкілі бас маман, баспа ісінің сарапшысы Гүлжауар Бикжанова баспа базасында ЖОО ПОҚ мен ғалымдарының оқу-әдістемелік еңбектерін жариялау мүмкіндігі, E-Uni.kz және eLibrary платформаларында қол жетімді цифрлық контент құруды. Аталған платформаларда ПОҚ еңбектерінің жариялануының ғалымның көрсеткіштеріне әсері жайлы және т.б. мүмкіндіктерді ұсынды.
Іс-шараның екінші бөлігінде E-UNI.KZ және IPR SMART платформасының атынан IPR MEDIA және EDP Hub ЖШС компаниялар тобын дамыту және сату жөніндегі директоры Вита Кутуева платформада лицензиялы контентпен жұмыста ЖИ технологиясын енгізу мүмкіндіктері, оқытуды жекелендіру ақпаратымен таныстырды.
Семинарға қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, білім беру ортасын табысты цифрлық трансформациялау үшін кешенді шешімдер алды. Барлық қатысушыларға қатысу туралы электрондық сертификаттар берілді.
