
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аударма теориясы мен практикасы кафедрасының өкілдері «SMART-KOSSHY» семинарында баяндама жасады











Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының преподаватель-исследователь, профессор, ф.ғ.д С.Ж. Тәжібаева мен PhD докторы Н. Жұмай кафедраның профориентациялық жұмыс жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №4 және №2 мектептері мұғалімдері мен оқушыларына арналған «SMART-KOSSHY»: «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ҚОЛДАНУ» атты қалалық семинарға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасады. Профессор С.Ж. Тәжібаева «Лингвистикадан Generative AI-ға дейін» тақырыбында баяндама жасаса, PhD докторы Н. Жұмай «Жасанды интеллект және ғылыми зерттеулер» тақырыбында баяндама жасады. Семинардан кейін түрлі тақырыптарда өткізілген воркшоптарға қатысып, мектеп ұжымы мен оқушыларымен кездесіп, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і, соның ішінде Аударма ісі білім беру бағдарламасының бакалавр және магистратура деңгейінің ерекшеліктері, оқу бағыты, оқуға түсу талаптары мен қажетті құжаттар т.б. мәліметтермен бөлісті. Семинар соңында магистратураға оқуға түсуге қызығушылық танытқан жас мұғалімдердің сұрақтарына жауап берілді.
