
ЕҰУ-да діни экстремизмнің алдын алу мәселелері талқыланды
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
17.04.2026 52

2026 жылғы 16 сәуір күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты – жастарға экстремизмнің қауіптілігін түсіндіру және оның алдын алу жолдарын қарастыру.
Спикер, ҚМДБ Бас мүфтиінің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев сөз алып, діннің дұрыс түсінігі мен жалған ағымдардың айырмашылығын түсіндірді. Дөңгелек үстелге «Цифрлық медианы басқару-11» тобының студенттері қатысып, тақырып бойынша пікір алмасуға белсенді атсалысты.
Бөлісу:
