
Физикалық және экономикалық география кафедрасының студенттері «Үздік ТМД студенті» халықаралық байқауында марапатталды



Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасының студенттері халықаралық деңгейдегі «Үздік ТМД студенті» байқауында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда, «6B05209 – География» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Тілеухан Дайана Ғалымжанқызы және «6B05210 – Гидрология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Ташева Ерке Айдосқызы жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы және халықаралық байқаудағы жоғары көрсеткіштері үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Бұл жетістік білім алушылардың академиялық дайындығының жоғары деңгейін және қоғамдық белсенділігін айқындайды. Кафедра ұжымы білім алушыларды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми және қоғамдық қызметтерінде табыс пен жаңа белестер тілейді.
