
ҒАЛЫМ. АҚЫН. ҰСТАЗ: БІР ҒҰМЫР ТАҒЫЛЫМЫ









2026 жылғы 16 сәуірде ғылыми кітапханада көрнекті ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанат Әскербекқызымен тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын кеңінен таныстыру, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және студенттердің поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу әдеби-рухани кеш форматында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Модератор – философия докторы (PhD) Карипбаев Жанбота.
Кеш барысында Жанат Әскербекқызының өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, өлеңдері оқылды. Ғылыми кітапхана директоры, философия ғылымдарының кандидаты Оразалиев Бақытжан құттықтау сөз сөйлеп, естелік сый табыстады.
Сонымен қатар қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушы-профессорлары мен студенттер өз ойларын білдіріп, өнерлерін көрсетті. Кітапхана қызметкері Арманбек Жакейхан Фариза Оңғарсынованың «Жақсы көру» әнін орындады.
Сұхбат барысында ақын студенттердің сұрақтарына жауап беріп, шығармашылық жолы мен шабыт көздері туралы ой бөлісті.
Іс-шара аясында ақын еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесу соңында Жанат Әскербекқызы кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, ғылыми кітапханаға өз еңбектерін сыйға тартты. Кездесу мазмұнды әрі тағылымды өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
