
6В07311 – «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша «Геодезия және картография» пәнінен ХVІІІ Республикалық пәндік олимпиада

2026 жылғы 17 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Сәулет-құрылыс факультетіне қарасты «Геодезия және картография» кафедрасында 6В07311 – «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІІІ Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.

Республикалық пәндік олимпиадаға Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Шәкәрім университеті, Халықаралық білім беру корпорациясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін тереңдету, кәсіби дағдыларын дамыту және геодезия мен картография саласына қызығушылығын арттыру. Олимпиада барысында қатысушылар өз білімдерін тәжірибелік және теориялық тапсырмалар арқылы көрсетті.
