
Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Жанар Медеубаева «Көп оқылған кітап» номинациясы бойынша марапатталды
#ENUscience
17.04.2026 37

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Медеубаева Жанар Мұратбекқызы Ұлттық кітап күні мен университеттің мерейтойына орай ұйымдастырылған «Кітап – білім бұлағы» апталығы аясында Алғыс хатпен марапатталды.
Аталған марапат ғылыми кітапхана өткізген «Көп оқылған кітап» номинациясы бойынша «Халықаралық қатынастар теориясы» оқу құралы үшін табысталды.
Бұл жетістік профессордың ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар студенттер мен оқырмандар арасында оның еңбегіне деген жоғары қызығушылықтың айқын көрсеткіші.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!
Бөлісу:
