
6В02209 - «Шығыстану» білім беру бағдарламасы арабтану және қытайтану секциясы бойынша XVІII Республикалық пәндік олимпиада













2026 жылғы 17-18 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы арабтану және қытайтану секциясы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге тарту, ғылыми қызметке қызығушылықты дамыту.
Олимпиадаға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен бөлек, Қазақстан Республикасының 2 жоғары оқу орны қатысты: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті».
Конкурстық комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша II тур олимпиадасының арабтану секциясы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:
Алғыс хат - Киманов Алимурат, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Ильясова Зибагуль Сулейменовна - т.ғ.к., профессор);
III орын - Аманхан Әсия, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал Абаевна - ф.ғ.д., профессор м.а.);
III орын – Назимбек Айсұлу, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Ильясова Зибагуль Сулейменовна - т.ғ.к., профессор);
III орын - Әбдрахман Айсұлу, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Хаван Айдынгуль, аға оқытушы);
II орын - Кайратова Аяулым, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал Абаевна - ф.ғ.д., профессор м.а.)
II орын - Марат Аруна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Мамедова Фатима Зильпикаровна - ф.ғ.к., доцент м.а.);
I орын - Сейлканов Нұрасыл, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тулеубаева Самал Абаевна - ф.ғ.д., профессор м.а.).
Конкурстық комиссия нәтижесінің қорытындысы бойынша II тур олимпиадасының қытайтану секциясы бойынша келесі жеңімпаздары анықталды:
Алғыс хат - Әбікен Ажар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Елубай Анаргүл - магистр, оқытушы);
Алғыс хат - Сәбит Аружан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тұрысбек Ажар - магистр, оқытушы);
III орын – Еркінова Арайлым Нұрдәулетқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара Усербаевна - PhD докторы, доцент м.а.);
III орын - Қартбай Диляра Ғалымжанқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Тұрысбек Ажар - магистр, оқытушы).
III орын - Нұрбекұлы Нұрғиса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (жетекші: Оразақынқызы Фарида - PhD докторы, доцент);
ІI орын - Куаныш Фатима Шакизаткызы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, (жетекші: к.ф.н., профессор Толкын Калибекулы)
II орын - Ғазиз Айхан Аяшұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Шалдарбекова А.Б. - PhD, аға оқытушы);
I орын - Алимханова Даяна Асетовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (жетекші: Биримкулова Гулнара Усербаевна - PhD докторы, доцент м.а.).
6В02209 – «Шығыстану» білім беру бағдарламасы арабтану және қытайтану секциясы бойынша XVІII республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің дипломдары және алғыс хаттармен марапатталды.
