
"Зиянды ағымдардың қоғамға әсері" кураторлық сағат
2026 жылдың 16 сәуірінде Ш-31 тобының студенттерімен «Зиянды ағымдардың қоғамға әсері» деген тақырыпта кураторлық сағат өтті..
Кураторлық сағаттың мақсаты ̶ білім алушыларға қоғамдағы зиянды және теріс идеологиялардың қауіптілігі туралы түсіндіру, олардың тигізетін ықпалы жөнінде ақпарат беру және студенттердің сыни ойлау қабілетін қалыптастыру. Сонымен қатар студенттерге діни ақпараттарды тарату кезінде кездесетін қателерді түсіндіру, ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Бұл кураторлық сағатқа Әлеуметтік жобалар бөлімінің бас маманы, теолог Өнер Ермекұлының қатысты Кездесу барысында Өнер Ермекұлы интернет және әлеуметтік желілер арқылы таратылатын діни мазмұндағы ақпараттардың барлығы бірдей сенімді бола бермейтіні туралы жан-жақты түсіндіріп берді. Студенттерге ҚР заңнамасына сәйкес рұқсат етілмеген немесе экстремистік мазмұндағы діни ақпараттарды тарату заңмен қудаланатыны туралы да ескертілді. Заңсыз насихат жүргізіп, алауыздық тудыратын ақпарат тарату үлкен қателіктерге әкелетіні атап өтілді. Осыған байланысты жастарды ақпаратты жауапкершілікпен пайдаланып, тексерілмеген немесе күмәнді мәліметтерді таратпауға шақыру маңызды екендігі айтылды. Сонымен қатар діни мәселелер бойынша тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, тақырып төңірегінде сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты.
